Әлем

Жаңа жылдық дастархан: Әлем елдерінде не дайындалады?

Жаңа жыл қарсаңында отбасыңызбен және достарыңызбен үлкен дастархан басына жиналу дәстүрі көптеген елдерге жат емес. Бүкіл әлемде бұл мерекеде қонақтарға не беріледі және қандай дәстүрлі тағамдар дайындалатынын назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

Англия
Дәстүрді ұнататын британдықтар жаңа жылдық дастарханға үнемі шошқа майы, нан үгіндісі, ұн, мейіз, жұмыртқа және дәмдеуіштерден тұратын плумпудингдайындайды. Пудинг ойын-сауық үшін отқа қойылған түрде беріледі. Сондай-ақ, көкөніс пен соуспен толтырылған күркетауықты ұсыну дәстүрге енген.

 
Франция
Францияда дәстүрлі түрде жаңа жылдық дастарханға қуырылған каштан, устрица, паста қосылған бутербродтар, кесілген түрлі ірімшіктер және, әрине, француз шараптарын ұсынады.

Америка
АҚШ-та дәстүрлі тауық еті ұсынылады, ол ерекше түрде дайындалады. Ет тоңазытқышта тұрған барлық өнімдермен толтырылады - ірімшік, сарымсақ, қара өрік, алма, қырыққабат, бұршақ, саңырауқұлақтар мен дәмдеуіштер.

Германия
Немістер қысқы мерекелерді дәстүрлі түрде ұсынылатын майшабақсыз елестете алмайды, бұл алдағы жылға сәттілік пен бақыт әкеледі.Сондай-ақ, жаңа жылдық дастарханда шұжық қосылған бұқтырылған қырыққабат, қайнатылған шошқа еті және неміс шұжықтарының көптеген түрлері кіреді. Алма мен жаңғақтар жақсылық пен жамандықты ажырата білудің, өмірдің қиындықтарын жеңудің симво