Жаңалықтар

Тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн-нан астам этникалық қазақ отанына оралған

Қазақстанға тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн-нан астам этникалық қазақ оралды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, жыл басынан бері 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған.

Биыл қандастардың басым көпшілігі келген елдер:

Қытайдан – 45,9%;

Өзбекстаннан – 39,2%;

Моңғолиядан – 5,8%;

Түрікменстаннан – 5,2%;

Ресейден – 2,8%;

басқа елдерден  – 1,1%.

Мәліметтер бойынша, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды.