Олимпиадаға сатылған билеттердің ақшасы қайтарылмайды

19 Наурыз, 2020 98 0

Коронавирусқа байланысты Токиодағы Олимпиада ойындары өтпейтін болса сатылған билеттердің ақшасы кері қайтарылмауы мүмкін деп жазады РИА Новости The Asahi Shimbun сілтеме жасап.
Токиода өтетін Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті билет сатып алуда, қандайда бір форс-мажорлық жағдай орын алғанда өз міндеттерін орындауға жауапкершілік алмайды. Оның ішінде форс-мажорлық жағдайға, оның ішінде "денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай" деп көрсетілген.
2020-Ойындарының ұйымдастыру комитеті басылымға, егер Олимпиада коронавирусқа орай қалдырылатын болса, онда дәл осы бап өз күшіне енеді  деп хабарлаған.
Рейтер агенттігі хабалағандай, дәл осы хабар Жапониядағы әлеуметтік желілерінде қызу талқыға түсуде екен. 
Желі қолданушылары коронавирустың белең алуына орай, Олимпиада ойындары өткізілмейтін болса, сатып алынған билеттердің ақшасын кері қайтарылмайтыны туралы ресми ақпаратты күтіп отыр.
Бүгінде Олимпиада ойындарына 5,08 миллион және Паралимпиадаға 1,65 миллион билеттер сатылған. 
Халықаралық олимпиада комитеті алдын хабарлағандай, коронавирустың таралуына байланысты, Токиодағы Олимпиада-2020 кейінге қалдыруды жоспарлап отырған жоқ. Кейінге қалдыруға ешқандай негіз жоқ деп санайды ХОҰ. Токиодағы Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс.
Еске сала кетсек, 11 наурызда бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы дүниежүзіне тараған COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялаған болатын. Әлемде 159 мемлекетте 185 мыңға жуық адам жұқтырып, 7,5 мың адам қайтыс болған.

Тегтер: Коронавирус, ТокиоОлимпиадасы, Жаңалықтар,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.