Жаңалықтар

900-ден астам запастағы офицер әскерге шақырылады

Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енеді

Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 20 қарашадағы "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын," — делінген құжатта.

Барлығы 915 адам шақырылады, оның ішінде:

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары – 700 адам;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам;

- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.