"Өмір үшін сүйіс" немесе ешкімді бей-жай қалдырмайтын суреттің тарихы

19 Наурыз, 2020 125 0


1967 жылы түсірілген фотограф Рокко Морабитоның аңызға айналған суреті. Онда электр бағанасында Рэндалл Чампион мен Джей Томпсон атты электршілер түсірілген. Бұл суретті көргендер келеке етіп күлуі мүмкін немесе екі ер кісінің бұл қылығын әбестікке санар.
Қазіргі таңда ешкімге таңсық емес, қалтадан ұялы телефонды ала салып, суретке түсіре бересің. Ал бұрынғы кезде ше? Оған арнайы фотограф келіп, дайындалып түсіруді талап етеді. Бұл суреттің негізінде тарихы бар...
1967 жылы Флорида штатында шілденің шіліңгір күні болатын. Күннің ыстығына шыдамаған Джэксонвилле қаласының тұрғындарының көпшілігі желдеткіштерін қосса керек. Жоғарғы электр қуатының кернеуіне сымдардың күші жетпегендіктен электр желісі істен шығады. 
Электрші Рэндалл мен Джей үшін күнделікті жұмыстарын атқарып жүрген. Кенеттен Рэндалл біреуіне қолы шатасып тиіп кетеді. 4 мың вольттық разряд бүкіл денесіне өтіп, мұндай күшті көтере алмаған жүрегі тоқтап қалады. 4 мыңдық вольттің күшін түсіну үшін мысал келтірсек. Өлім жазасына кесілген қылмыскерлерді электр үстелінде 2 мыңдық вольтпен жанын жаханнамға аттандардырған екен. 4 мыңдық вольтқа тоққа түскен адам не болды екен?!

Рэндаллдың жансыз денесі қауіпсіздік белдігіне ілініп, жерге басы салбырап асылып тұрды. Жүз метр жерде жұмыс істеп жатқан серіктесі Джей жүгіріп барады. Әр секунд, минуттың қымбат екенін білген ол Рэндаллға жасанды тыныс бере бастады. Серіктесінің бағанда басы жерге салбыраған қалпында тұрса да, өлімге араша түсуге барын салды. Алғашқы көмек көрсетуге қолайсыз қалыпта тұрса да, өз көмегін аямады. Жүрегі соққанын тыңдап көріп, содан кейін қауіпсіздік белдігінен босатып, иығына көтеріп алып, жерге түсірді. Жедел жәрдем келгенше, Рэндалл есін жинайды.

Сондай сәтте суретке қалай түсіріп үлгерген деген сұраққа фотограф былай жауап берген:"сол күні мен теміржол қызметкерлерінің жұмыс сәтін суретке түсіруге барған болатынмын. Жұмысымды аяқтаған соң, өзге сурет түсірсем деп жол жөнекей іздей бастадым. Жоғарыда электр бағанасында екі электршінің ілініп тұрғанын көзім шалды. Бірі екіншісіне көмектесіп жатыр. Бірден көлігіме жүгіріп жетіп, жедел жәрдемге қоңырау шалдым. Жүгіріп қайта келсем, электрші жолдасының басын қолымен ұстап, бар ынтасымен жасанды тыныс беріп жатқанын көрдім. Кері шегіне бастадым, үйдің қабырғасына сүйеніп отырған кезімде суретке түсірдім. Бір кезде "Ол тірі" деген сөзді естідім. 

Осылайша суретті түсірген Рокко Морабито 1968 жылы Пулитцерлік премияны жеңіп алды. Ол кезде журналисттер мен фоторепортерлардың ең үздік марапаты болатын. Рокко сурет үшін марапатқа ие болды, ал Рэндалл қайта өмір сүруге жолдама алды. Біраз уақыт емделіп, қайтадан өзінің қауіпті жұмысына кіріскен.
Егер де фотограф суретке түсірмегенде Джей Томпсонның өлімге араша болғанын ешкімде білмес еді. 
Деректерге сенсек, Рэндалл Чампион және фотограф Рокко Морабито өмірден өткен, ал Джей Томпсон бүгінде зейнеткер


Тегтер: РоккоМорабито, ТарихиСурет, Бірсуреттіңтарихы, ДжейТомпсон,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.