Жаңалықтар

Каспийде өлі итбалықтар табылды: Шығын 1,5 миллион теңгеден асты ма?

Каспий теңізінің аумағындағы экология мәселесі әлі де зерттелу үстінде

Каспий теңізінің аймағында итбалықтардың өліміне қатысты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты қоғамдық кеңес мүшесі, Маңғыстау облысының «ECOJER» қауымдастығының төрағасы Әділбек Қозыбақов пікір білдірді,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

Каспий итбалықтары Қызыл кітапқа 2020 жылдан бастап енді. Елімізде итбалық мәселесіне қатысты әр адам қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек. Ал, қазіргі таңда қырылып біткен итбалық саны 2000-ға жуық. Билікке үндеу жасаймын: Шұғыл түрде бұл мәселеге назар аударатын комиссия құрылу керек. Кінәлі тараптарды анықтап, барлығы жазаларын өтеу керек»,-деді Әділбек Қозыбақов. 

Айта кетейік, Түпқараған ауданының аумағынан осыдан бірнеше ай бұрын 289 итбалықтың өлі денесі табылған еді.