Әлем

Израильдің Газаның солтүстігіне жасаған соққысынан 10- ға жуық адам қаза тапты

Израильдің Газа секторының солтүстігіне түнде жасаған әуе соққыларынан ондаған адамның қаза тапқаны мәлімденді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы BBC арнасына сілтеме жасап.

Хамас басқаратын Азаматтық қорғаныс агенттігінің хабарлауынша, Газа қаласының солтүстігіндегі Шейх Радван ауданындағы үйге жасалған соққыдан тағы 22 адам қаза тапты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бейт-Лахия, Джабалия және Бейт-Ханунда аймақтарында  су мен азық-түлік қорының азаюына байланысты 75 мың адам қоршауда қалғанын хабарлады.

Айта кетелік, мәліметтер бойынша 1,9 миллионға жуық адам - ​​Газа халқының 90% -ы өткен жылы үйлерін тастап кетті.