Жаңалықтар

Ұлттық тасымалдаушы жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жариялады

Тек 2024 жылдың 31 желтоқсанында қатынайтын пойыздарға билеттерді 25% жеңілдікпен сатып алуға болады

Жаңа жыл қарсаңында ұлттық тасымалдаушы 2024 жылдың 31 желтоқсанында қатынайтын пойыздарға билеттерге 25% жеңілдікпен сатылымға шығарды. 

Бұл мүмкіндік алыс сапарларды қолжетімді бағамен жоспарлауға тамаша жағдай жасайды.

Жеңілдік тек купе вагондарына арналған билеттерге қолданылады. Билеттерді 1 желтоқсанға дейін сатып алу қажет, себебі арнайы науқан мерзімі шектеулі.

Науқан келесі бағыттар бойынша пойыздарға таралады:

  • №26 «Шымкент – Алматы»
  • №86 «Шымкент – Астана»
  • №12 «Шымкент – Алматы-2»
  • №77/78 «Алматы – Маңғыстау»
  • №47 «Астана – Атырау»
  • №691/692 «Атырау – Ақтөбе»
  • №313 «Маңғыстау – Атырау»
  • №605/606 «Балқаш – Қарағанды»
  • №351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1»
  • №34 «Ақтөбе – Алматы-1»

Билетті  ресми сайтынан немесе вокзалдардағы билет кассаларынан алуға болады.

Осыған дейін сайтта ел азаматтары жаңа жыл қарсаңында неше күн демалатынын хабарлаған болатынбыз.