Вирусолог коронавирустың жаңа белгілерін атады

18 Наурыз, 2020 186 0

Коронавирус індетін жұқтырған адамдардың 2/3-і бірнеше күн иіс жəне дəм сезу қабілетінен айырылған, деп хабарлайды Бонн университеті жанындағы Германия вирусология институтының басшысы Хендрик Стрик Frankfurter Allgemeine Zeitung-ке берген сұхбатында.

Сонымен қатар, індет жұқтырған азаматтардың 30%-ында диарея байқалған.

Стрик өз сөзінде COVID-19 індетін жұқтырғандардың барлығында бұл белгілер байқалмады деп отыр. Оның айтуынша, коронавирус SARS-1-ге қарағанда жеңіл болғанымен тез тарайды.

Айта кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп дабыл қаққан еді. 

Тегтер: Коронавирус, Жаңабелгілер, COVID-19, Жаңалықтар,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.