Әлем

Адам өмірін аман алып қалған робот: Өкпеге трансплантация жасалды

АҚШ медицинасында алғаш рет робот-аппарат әйел адамның қос өкпесіне трансплантация жасады

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында медицина қызметкерінің қос өкпесіне робот трансплантация жасады. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

Шерил Меркар – 10 жылдан астам уақыт бойы өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырып келеді. Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы кезінде ол ауруын әбден асқындырып алды.

Алайда, Шерилдың қуанышына орай америкалық медицина мамандары роботтың көмегімен оның қос өкпесіне ота жасады. Ота сәтті өтті.