Жапония Вице-премьері Олимпиада жайлы пікір білдірді

18 Наурыз, 2020 142 0

Жапонияның Вице-премьері жəне Қаржы министрі Таро Асо коронавирус індетіне өршуіне қарамастан Токио Олимпиадасының өту мүмкіндігі жөнінде айтты, деп хабарлайды newsroom.kz ақпарат агенттігінің тілшісі CNN журналисі Уилл Риплиге сілтеме жасап.

«Жапония COVID-19 індетінің өршуіне жол бермей, елдегі жағдайды тұрақтандырғанымен Олимпиаданың ешқандай мəн-маңызы болмайды. Егер əлем елдері өз спортшыларын жібере алмаса бəсекенің көркі келіспейді. Олимпия ойындары атлеттер үшін де жанкүйер үшін де қолайлы жағдайда өтуі керек», - дейді саясаткер.

Сəл ертеректе ағылшын Катарина Джонсон-Томпсон мен грекиялық жеңіл атлет Екатерини Стефаниди Халықаралық Олимпиада комитетін Токиодағы доданы өткізуге бел буып отырғанын сынаған еді. Спортшылардың ойынша, ХОК шешімі қабылдаушы мемлекеттің пікірімен мүлдем кереағар.

Айта кетейік, 17 наурызда ХОК Олимпиадаға дайындық қалыпты жағдайда жалғасатынын айтып, барлық споптшыларды дайындалуға шақырды. Төрт жылдықтың басты додасы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өткізіледі.

Тегтер: ТокиоОлимпиадасы, ХалықаралықОлимпиадакомитеті, Коронавирус, COVID-19, Жаңалықтар, ТароАсо,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.