Қарашаның 5-і күні АҚШ-тағы президент сайлауында Камала Харрис Дональд Трамптан жеңіліс тапты. Бұл жеңілістен кейін Харрис ортадан жоқ болып кетті. Осы орайда Ақ үй мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
«Вице-президент сайлаудан кейін кішігірім демалыс алуды жөн көрді. Ол қазір өзінің отбасымен бірге Гавай аралдарында демалып жатыр. Соңғы 4 жылда ол өте үлкен әрі қиын жұмыс атқарды. Бұл демалыс оның денсаулығына оң әсер етеді деп ойлаймыз»,- деді Ақ үй.
Айта кетейік, Харрис Гавай аралдарына 19-шы қараша күні ұшып кетті.