Қазақстанда пәтер қанша тұрады?
Ең арзан жылжымайтын мүлік Қызылордада. Бұл бір, екі және үш бөлмелі пәтерлердің бәріне қатысты, - деп krisha.kz сайты жариялаған ақпарат негізінде newsroom.kz хабарлайды
Қазақстанда пәтер қанша тұрады
Бөлме санына байланысты пәтердің орташа бағасы төмендегідей:
- 1 бөлмелі — 13 млн тг;
- 2 бөлмелі — 19 млн тг;
- 3 бөлмелі — 25 млн тг.
Бұл — 20 қаладағы орташа баға көрсеткіші.
Ең арзан пәтер қайда
Ең арзан жылжымайтын мүлік Қызылордада. Бұл бір, екі және үш бөлмелі пәтерлердің бәріне қатысты.
- 1 бөлмелі — 7.5 млн тг;
- 2 бөлмелі — 12 млн тг;
- 3 бөлмелі — 16 млн тг.
Алматыдағы бір бөлмелі пәтердің құны Қызылордадағы үш бір бөлмелі пәтермен бірдей. Тіпті жиһаз бен жөндеу жұмыстарына ақша қалады.
Ең арзан қалаларға мыналар да кіреді:
— Тараз;
— Талдықорған;
— Жезқазған.
Бұл жақтарда бір бөлмелі пәтердің бағасы 9.5-10.5 млн аралығында, екі бөлмелісі 14 млн тұрса, үш бөлмелі баспананың бағасы 21–23 млн теңгеге жетеді.
Қазақстандағы ең қымбат пәтер
Жылжымайтын мүлік бағасы бойынша көшбасшы — Алматы.
Биыл қарашадағы бағалар:
- 1 бөлмелі — 24 млн тг;
- 2 бөлмелі — 36 млн тг;
- 3 бөлмелі — 44 млн тг.
Астанада пәтер құны Алматыдағыдан төмен:
- 1 бөлмелі — 18 млн тг;
- 2 бөлмелі — 26.8 млн тг;
- 3 бөлмелі — 39.5 млн тг.
Үштікті Шымкент түйіндейді:
- 1 бөлмелі — 15.5 млн тг;
- 2 бөлмелі — 22.5 млн тг;
- 3 бөлмелі — 28.5 млн тг.