«Мектепте телефон қолдануға рұқсат бермеген жөн» — Аймағамбетов
ҚР Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектеп қабырғасында балалардың телефон қолдануына рұқсат бермеу мәселесін талқылау қажет екенін айтты
Аймағамбетовтың пікірінше, түрлі зерттеулер смартфондардың балалардың назарын шоғырландыруға, оқуға және психикалық денсаулығына кері әсерін тигізетінін дәлелдейді екен. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Мәжіліс депутатының Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Көптеген елде мектептерде смартфондарды пайдалануды шектеу туралы шешімдер қабылдануда. Бұл кездейсоқ емес: түрлі зерттеулер смартфондардың балалардың назарын шоғырландыруға, оқуға және психикалық денсаулығына кері әсерін тигізетінін дәлелдейді. Қазақстанда бұл бағытта оң тәжірибе бар. Астанадағы бірнеше мектеп, сондай-ақ басқа да аймақтардағы мектептер, смартфондарды пайдалануға ерікті түрде шектеу енгізіп жатыр. Бұл дұрыс әрі тиімді шешім деп санаймын", - дейді Аймағамбетов.
1. Бұл ретте ол мәселені шешудің мынадай жолдарын ұсынған: Тек әлеуметтік желілерге қолжетімсіз, ата-аналармен байланыс жасауға мүмкіндік беретін батырмалы телефондарды немесе сағаттарды қолдануға рұқсат беру.
2. Мектептерде смартфондарды арнайы сақтау орындарын ұйымдастырып, балалардың оларды тек төтенше жағдайларда қолдануын қамтамасыз ету.