Жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтың бірінші әйелі қайтыс болды

Нұрбике Нұрқаділова 79 жасында өмірден өтті

Бұл хабармен олардың туған қызы Құралай Нұрқаділова бөлісті,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

"Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға өмірден өтті. Ол – Заманбек Нұрқаділовтің қалыптасу жылдарында серігі болған әйел. Саясатта ақылды, білімді және сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Совет Одағы кезіндегі және одан кейінгі елдің жағдайы туралы көп нәрсе айта алатын еді. Көптеген жас саясаткерлер оның қолдауымен алға жылжыған
Сонымен қатар менің анам өте қарапайым және зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады. Менің анамның даналығына оны танитын әрбір адам тәнті болатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым! ", – деді Құралай Нұрқаділова өзінің әлеуметтік желісінде.

Нұрбике Нұрқаділова кезінде Заманбек Нұрқаділовтің саяси мансабында маңызды рөл атқарып, оның сенімді серігі болды. Халықтың құрметіне бөленген жан еді. 

Нұрбике Нұрқаділова ханымның жақындарына көңіл айтамыз. Оның есімі қоғам санасында ұзақ уақыт бойы сақталып, игі істері естен кетпес үлгі болып қала береді.