Әлем

200 маймыл полицияға шабуылдады

Таиландта 200 маймыл-вандал вольерден қашып, полиция бөлімшесіне бет алғаны туралы Bangkok Post жазды

16 қарашада 200-ден астам маймыл-вандалдар маймыл тәлімбағының вольерінен қашып шығып, көшелерге тараған. Макакалар жақын маңдағы полиция бөлімшесіне барып, кейін қала көшелерінде еркін серуендей бастаған. Олар үйлерге кіріп, шатырларға секірген. Кейінірек шамамен 40 маймыл тамақ іздеп қайтадан тәлімбаққа оралған, ал қалғандарын мамандар бақылап, ұстап жатыр.

Вольердің маймылдар санына сәйкес келмегенінен қашып кеткен. Маусым айында да шамамен 30 маймыл есікті сындырып, вольерден қашып шыққан. Тәлімбақ қызметкерлері мұндай жағдайдың қайталануын болдырмау үшін жаңа құлыптар орнататынын мәлімдеді.

Лопбури – туристер арасында танымал қала, ал макакалар – қаланың басты тірі көрнекілігі. Көптеген жергілікті тұрғындар приматтарға тамақ береді, бірақ осының салдарынан олар адамдардан қорықпайтын болған. Соңғы бірнеше жылда маймылдар адамдарға шабуыл жасап, олардың тамағын тартып алып, тістеп, мүліктерін бүлдіре бастаған. Сонымен қатар, маймылдар тобы қалада жиі төбелес ұйымдастырады. Көктемде билік әсіресе агрессивті топтарды ұстап, маймылдарды жаппай аулай бастады.