Батыстың үстемдігі аяқталды – Мажарстан премьері
Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан Будапештте өткен бесінші халықаралық «Еуразия форумы» конференциясында Батыстың либералды-прогрессивті үстемдігінің аяқталғанын мәлімдеді.
Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан Будапештте өткен бесінші халықаралық «Еуразия форумы» конференциясында Батыстың либералды-прогрессивті үстемдігінің аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Origo мажар ақпарат порталы хабарлады.
Батыс моделі дағдарысқа ұшырады ма?
Орбанның айтуынша, бүкіл әлем Батыс моделі бойынша ұйымдастырылуы керек деген идея өз маңызын жоғалтты. Ол модельдің негізінде жатқан экономикалық және қаржылық артықшылықтар ұсыну арқылы мемлекеттерді осы жүйеге бейімдеу әрекеттері сәтсіз аяқталды. Орбан бұл көзқарастың енді өзекті еместігін атап өтті.
Азияның күші және Еуразия дәуірі
Виктор Орбан Азия мемлекеттерінің экономикалық және саяси тұрғыда тәуелсіз держава ретінде қалыптасып, өмір сүре алатын әлеуетіне тоқталды. Оның айтуынша, Мажар елі алдағы дәуірді Еуразия ғасыры ретінде қабылдауға дайын болуы керек. Сонымен қатар, ол Венгрияның еуропалық қатынастардағы «миналы жолмен» жүрмейтінін, керісінше, саналы ұлттық саясат пен стратегияны жүзеге асырып жатқанын айтты.
Шілде айында Орбан Мәскеуге сапар жасады. Бұған дейін ол Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, қақтығысты тоқтату туралы келіссөздер бастау қажеттігін айтты. Мәскеудегі Ресей президенті Владимир Путинмен өткен кездесуде Украинадағы қақтығысты реттеу және Еуропадағы қауіпсіздік архитектурасы мәселелері талқыланды. Орбан Путинді «рационалды және ақылды саясаткер» деп бағалады.
Орбанның мәлімдемелері мен саяси бағыты Мажар елінің өз мүдделерін бірінші орынға қоятынын және халықаралық саясатта балама жол іздейтінін көрсетеді. Оның пікірінше, Еуразия ғасырының келуі Батыс моделі мен оның ықпалының шектеулі екенін айқындап отыр.
Тағы оқыңыз: Мажарстанда Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті