Әлем

Тақ мұрагері қыз зорлады деген айыппен тұтқындалды

Норвегияның крон-принцессасы Метте-Марит ханшайымның ұлы Хейби ханзада әйел адамға зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппен қамауға алынды-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

27-жасар Мариус Борг Хейби есімді ханзада анасы Метте-Марит Хокон патшаға 2001 жылы тұрмысқа шықпай тұрып дүниеге келген. Қазіргі таңда Хейби ханзада Норвегия патшалығының тақ мұрагері болып саналады. 

Хейби ес-түссіз жатқан 20 жасар қыз баланы зорлады деген айыппен Норвегия патшалығының полицей қызметкерлері тарапынан тұтқындалды. Жәбірленушінің сөзінше ол ханзадамен бұрын соңды таныс болмаған. 

Ханзаданың адвокаты бұл айыпты жоққа шығарып отыр, бірақ Норвегияның NRK қоғамдық телеарнасы бұған дейін ханзада 5 адамға қастандық көрсеткенін және олардың ішінде: 4 ер және 1 әйел адам бар екенін бүкіл халыққа жария етті. 

Норвегия патшалығы CNN тілшілеріне мәлімдеме жасаудан бас тартты.