Жаңалықтар

Қыста қай елдерге тиімді саяхаттауға болады?

Қар жауып, күн суытқан соң, жылы жаққа барып демалуды жоспарлайтындардың саны артады. Newsroom.kz сайты осы қыста арзан әрі тиімді саяхаттауға болатын елдер тізімін ұсынады.

Тайланд

Таңғажайып табиғатымен туристердің назарын аударған Тайланд қыс мезгілінде саяхаттауға болатын ең тиімді әрі арзан елдердің қатарында тұр. Саяхат кезінде бұл елдің мәдениеті және дәстүрімен танысуға болады. Әсіресе, саяхатшылар арасында “Пхи Пхи” аралы ерекше танымал.

Мәліметтер бойынша, қыста жағалау жаққа жаңбыр сирек жауады. Ауа температурасы орташа есеппен 25-32 градус болады, теңіз 26 градусқа дейін жылиды.

Египет 

Египет – туристердің сүйікті елдер тізімінде сөзсіз көшбасшы. Тіпті, жазда Жерорта теңізі курорттарымен бәсекелесе отырып, үздік демалыс орындарының тізімінде екінші орын алады.

Күндізгі ауа температурасы +25 градус шамасында болса, ал су + 23 градусқа дейін қызады.

БАӘ

Біріккен Араб Әмірліктері – өзіне ғана тән ерекше құрылыс жүйесі бар ел. Шыныдан соғылған әсем әрі биік ғимараттары ерекше көз тартады. Болашақтың елі деп аталған бұл ел қыс мезгілінде туристердің сүйікті мемлекетіне айналады. Байлық пен молшылықтың символына айналған Дубайда әртүрлі сауда орталықтары мен қыдыратын орындар көп. Мұнда жаз мезгілінде ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі.

БАӘ арзан ел емес, дегенмен бюджеттік нұсқада демалыс орындарын табуға болады.