Әлем

Әлемдегі ең ұзын әрі ең қысқа әйел жүздесті

Әлемдегі ең ұзын әрі ең қысқа әйел екеуі Лондонда кездесіп, бірге шай ішті

Олар 2024 жылғы Гиннестің рекордтар күніне орай жолығып, сұқбат беріп, бірге әңгіме жүргізді. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

Бойы 2 метр 16 сантиметрге жететін түркиялық Румейса Гелги мен әлемдегі ең қысқа бойлы (62 см) үндістандық әйел Джиоти Амге бір-бірін алғаш көрген кездегі әсерлерімен бөлісті. 

Әлемдегі ең ұзын әйелмен жүздесу мені бақытқа бөледі. Румейсаның табиғаты керемет адам. Онымен әңгіме құрған сәтімде өзімді жайлы сезіндім",-деді Джиоти. 

Румейса –  түркиялық зерттеуші. Ол тарих пен археология саласына қызығады. Ал, Джиоти Үндістанда актриса болып жұмыс істейді екен. 

Біздің Джиотмен ортақ әңгімелеріміз көп екенін байқадым. Екеуміз де бет күтіміне уақыт бөлгенді, макияж жасағанды, әшекей таққанды жақсы көреміз",- деді Румейса.