Әлем

Украина ATACMS ракеталарымен Ресейге соққы жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға ATACMS ракеталарын жөнелтті. Нәтижесінде, Ресей үлкен соққы алды. 

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Брян облысына украиналық әскер ATACMS ракеталарымен соққы жасады деп мәлімдеді. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

"Бүгін түңгі 03:25 кезінде украиналық әскер Брянск облысының аумағындағы нысанға алты баллистикалық зымыранмен соққы жасады. Расталған мәліметтерге сәйкес, Украина мемлекеті американдық "ATACMS" жедел-тактикалық зымырандарын қолданды. Зымыранға қарсы соққы беру нәтижесінде С-400 ЗРС және "Карапас" ЗРПК  көмегімен бес зымыран атып түсірілді, біреуі зақымданды. Оның қалдықтары Брянск облысындағы әскери нысанның техникалық аумағына түсіп,салдарынан өрт шықты. Қайтыс болған адамдар тіркелмеді",-делінген РФ Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде. 

Тағы оқыңыздар: Украина жеңіске жете ме? Трамп Путинмен келіссөз жүргізбекші