Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сека вайнер әйелі туралы бар шындықты айтты

Сека вайнер әйелі туралы бар шындықты айтты

Сека вайнер әйелі туралы бар шындықты айтты
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желі арқылы қалың көпшілікке Сека Vines лақап атымен танылған вайнер жеке өміріне қатысты бар шындықты жайып салды. Көпті әзілге толы видеороликтерімен күлдіртіп жүрген Серғазы Тоқтарбек отбасылы болып шықты. Instagram жұлдызының тіпті кішкентай қызы бар деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі  "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап. Сека вайнер жеке өмірін барынша жасырын ұстағысы келгендіктен, отау құрғанын бұған дейін еш жерде айтпаған. Белгілі әзілкештің жары оның жанкүйерлері қатарынан болмай шықты. Ол тіпті жұлдызды жолдасының өнерін ұнатпайды екен.  width= "Үйлендім, әке болдым. Қызым бар. Анам басқа, келіншегім басқа. Бірақ, екеуі де сабырлы. Әйелім мүлдем менің шығармашылығымды жақсы көрмейді, түсінбейді. Алдымен ол менің, сосын мен оның жүрегін жауладым. Біраз еңбектендім деуге келмейді. Алайда, бірден көне қойған жоқ. Біраз уақыт жүрдік. Түсініксіз жайттар болды, ақыр-соңы түбінде бәрі керемет мықты болып кетті. Болашақта екінші әйел алмаймын. Менің өмірімді алып қарасаңыз да, анамда әкемнен кейін ешкім болған жоқ. Сол себепті, мен де олай істемеймін. Бірақ, білуімше исламда бірнеше әйел алуға рұқсат берілген. Алайда, ол ләззат алу үшін емес, жесір қалған әйелдерге қамқор болу мақсатында іске асырылған. Мен қолымнан келгенше бәріне көмектесемін. Бірақ, мен өз әйелімді сүйемін. Соны бақытты етіп, соны риза қылсам болды. Маған жетеді" , - деді ол. https://youtu.be/u2XP-lUyNMw