Жаңалықтар

Ел өңірлерін жолбарыс кезіп жүр ме? – жергілікті әкімдік мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерде Жетісу облысы мен Теміртау қаласын жолбарыс кезіп жүрген видео тарады

Желіде тараған видеолардың бірінде жыртқыш аң Жетісу облысына қарасты, Ақсу ауданы, Суықсай ауылында камераға түсірілген деп жазылған. Посттың астындағы пікірлерде кейбір желі қолданушылары бұл жолбарыс реинтродукция бағдарламасы бойынша Іле-Балқаш резерватына әкелінген деп пікір білдірді. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

«Видеодағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл - фейк ақпарат. Суықсай ауылының аумағында жыртқыш жануарлар болмағанын хабарлаймыз», - деп мәлімдеді Суықсай ауылдық округінің әкімдігі.

Осыған дейін, жолбарысқа қатысты видео Теміртау қаласында да тараған еді. Нақты дәлелі жоқ, фейк ақпаратты таратқаны үшін жергілікті тұрғын 73 840 теңге көлемінде айыппұл төледі. 

Нәтижесінде, бұл видео Ресейде түсірілгені белгілі болды.