Қазақстан-Өзбекстан шекарасынан жеке куәлікпен өтуге рұқсат беріле ме?
Өзбекстан Қазақстан мен Тәжікстан шекараларынан ID картамен өту тәртібін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Олий Мажлистің Заң шығару палатасында Президент Шавкат Мирзиёев мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Көрші ел басшысы Орталық Азиядағы тату көршілік қатынастарды нығайтуға, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса назар аударылатынын айтты.
Сондай-ақ, 2025 жылы Өзбекстан «Орталық Азия бестігінің» (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан) кездесуін өткізеді. Бұл өзара байланысты нығайтудағы маңызды қадам болмақ.
Айта кетелік, Ш.Мирзиёев 1 қыркүйектен бастап Өзбекстан азаматтары Қырғызстан шекарасынан паспорт орнына ID-карта арқылы өте алатынын еске салды.