Сұлулық салонында коронавирус жұқтырмау үшін не істеу керек
Сұлулық салонында коронавирус жұқтырмау үшін не істеу керек
Еліміздің кейбір қалаларында карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты шаштараздар мен сұлулық салондарының жұмысы жанданғаны белгілі. Осы орайда ресейлік жоғары дәрежелі дәрігер Лариса Алексеева салонға барғанда, вирус жұқтырмау үшін қандай сақтық шараларын қабылдау керектігін айтты деп хабарлайды Newsroom+ ақпараттық агенттігі tvzvezda.ru-ға сілтеме жасап.
"Сұлулық салондарына барғанда шаш қию және шашты сәндеуден басқа процедуралардан бас тартқан дұрыс. Бетке арналған процедуралар жасалмауы тиіс, себебі сізде міндетті түрде бетперде болуы тиіс", – дейді дәрігер. Лариса Алексееваның айтуынша, клиент пен салон қызметкері де маска тағып жүруге міндетті. Сондай-ақ кірпік жалғау, бетке күтім жасау, ылғалдандыратын маска, пилинг және инъекциялық процедуралардан бас тартуға тура келеді. "Өте жақын байланыс болғандықтан, салон қызметкері вирусқа жұқтырған болса, сізге де жұқтыруы әбден мүмкін", – дейді маман.
Еске сала кетейік, бұған дейін сарапшылар медициналық маскаларды өңдеудің қиындығына назар аударып, адамдарға бірнеше рет қолдануға болатын маска киюге кеңес берген еді. Мәселен, сіз айына бір реттік 70 масканың орнына жуып қайта қолдана беруге болатын екі масканы ғана қолдана аласыз.