Доллар 500 теңге болды: не өзгереді?
Қазақстандық ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 теңгеден сатылып жатыр, - деп хабарлайды Newsroom.kz БАҚ-қа сілтеме жасап
20 қарашадағы валюта бағамдары: доллар, еуро және рубль
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы
Сағат 11:00-дегі мәліметтерге сәйкес, Астана қаласының айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 499,22 теңгеден сатылып, 494,24 теңгеден сатып алынды. Алматыда доллардың сату бағамы 498,26 теңгені, сатып алу бағамы 495,85 теңгені құрады.
19 қарашада Астанада доллар 500,17 теңгеден сатылып, 495,19 теңгеден сатып алынған болатын. Алматыда сол күні сату бағамы 499,37 теңге, сатып алу бағамы 496,87 теңге деңгейінде болды.
Еуроның теңгеге шаққандағы бағамы
Астана айырбастау пункттерінде еуро 529,22 теңгеден сатылып, 523,24 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда еуроның сату бағамы 527,79 теңге, сатып алу бағамы 523,39 теңгені құрады.
19 қарашада Астанада еуро 530,98 теңгеден сатылып, 525,00 теңгеден сатып алынған еді. Алматыда сол күні сату бағамы 529,36 теңге, сатып алу бағамы 524,97 теңге болды.
Рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы
Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде ресей рублі 5,04 теңгеден сатылып, 4,93 теңгеден сатып алынуда. Алматыда рубль 5,02 теңгеден сатылып, 4,89 теңгеден сатып алынып жатыр.
19 қарашада Астанада рубль 5,09 теңгеден сатылып, 4,99 теңгеден сатып алынған болатын. Алматыда сол күні сату бағамы 5,05 теңге, сатып алу бағамы 4,95 теңгені құрады.
Ұлттық банктің ресми бағамдары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 20 қарашаға арналған ресми бағамдарды жариялады:
1 АҚШ доллары – 497,26 теңге.
1 еуро – 525,21 теңге.
1 ресей рублі – 4,97 теңге.
Теңге бағамына қатысты Ұлттық банк түсініктемесі
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов теңге бағамына реттеушінің неге араласпайтынын түсіндірді. Оның айтуынша, теңгенің өзгермелі бағамы нарықтық механизмдерге сәйкес қалыптасады және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.
Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің өзгермелі бағамы макроэкономикалық жағдайды тұрақтандырудың маңызды механизмі екенін атап өтті. Ол 2015 жылдан бастап қаржы реттеушісі осы өзгермелі бағамға көшкенін, оның автоматты тұрақтандырғыш ретінде жұмыс істейтінін еске салды. Макроэкономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты теңге бағамы 4 пайызға нығайды. Алайда, әлемдік экономикада әлі де белгісіздік факторлары бар, бұл валюта нарығындағы ауытқуларға әсер етуде.