Трамптың саясаты: АҚШ Украинаға көмек беруді жалғастыра ма?
Америка Құрама Штаттары Украинаға әскери көмек көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилдтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Жаңа қолдау пакетіне артиллерия, әуе қорғанысы және броньды машиналар кіреді.
«Америка Құрама Штаттары Украинаға артиллерия, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, бронетранспортерлер және басқа да қажетті мүліктер мен оқ-дәрілерді қоса алғанда көмек беруді жалғастырады», - деді Томас-Гринфилд.
Жаңа көмек пакетінің құрамы мен көлемі туралы толығырақ ақпарат алдағы күндері жарияланады.
Айта кетейік, қазір Украина ұзақ қашықтықтағы нысанаға дәл тигізу үшін жетілдірілген Нептун қанатты зымырандарының сериялық өндірісін арттыруда.