Жаңа қолдау пакетіне артиллерия, әуе қорғанысы және броньды машиналар кіреді.
«Америка Құрама Штаттары Украинаға артиллерия, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, бронетранспортерлер және басқа да қажетті мүліктер мен оқ-дәрілерді қоса алғанда көмек беруді жалғастырады», - деді Томас-Гринфилд.
Жаңа көмек пакетінің құрамы мен көлемі туралы толығырақ ақпарат алдағы күндері жарияланады.
Айта кетейік, қазір Украина ұзақ қашықтықтағы нысанаға дәл тигізу үшін жетілдірілген Нептун қанатты зымырандарының сериялық өндірісін арттыруда.