Қазақстанды қайтадан қант дағдарысы күтіп тұр ма?
2024 жылы рекордтық көрсеткіш көрсеткенімізбен, өндірісіміз әлсіз екен.
Қазақстандағы қант өндірісі соңғы жылдары күрт төмендеуде. Energyprom.kz порталының мәліметінше, 2020 жылдан бастап елімізде қант өндірісі антирекордтық деңгейге жетті. 2020 жыл пандемия салдарынан «дағдарыстық» жыл болып есептелсе, одан кейінгі жылдары жағдай жақсарудың орнына, одан әрі нашарлаған.
Екінші жыл қатарынан Қазақстанда қант қамысы, қант қызылшасы мен рафинадталған қант өндірісі төмендеп келеді. 2023 жылы қант өндірісі 31,1%-ға қысқарса, 2024 жылы бұл көрсеткіш тағы 17,6%-ға азайды.
Соған қарамастан, ішкі нарықтағы қант бағасы өсудің орнына төмендеп отыр. 2024 жылдың қазан айында қант құмының бағасы өткен жылмен салыстырғанда 5,2%-ға арзандаған, ал рафинадталған қант бағасы 0,6%-ға төмендеген. Қазақстан бойынша қант құмының орташа бағасы 403 теңгені құрайды.
Аналитиктердің есебінше, ең қымбат қант Талдықорғанда тіркелген: 1 килограммы 436 теңге. Семей мен Алматы қалаларында да баға жоғары – сәйкесінше 426 және 424 теңге. Ең қолжетімді қант Ақтөбеде болды: 1 килограммы 360 теңге. Сондай-ақ, салыстырмалы түрде арзан қант Оралда (380 теңге), Тараз және Шымкент қалаларында (383 теңгеден) сатылған.