Жаңалықтар

Елімізде жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ашылды

Арнайы жылқы өсіруші мамандарды дайындау жоспарланып отыр

Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды. Мекеме «Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы» құрамында,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жаңа құрылған институттың жұмысы асыл тұқымды жылқылардың сапасын жақсартуға, жылқы шаруашылығын дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және отандық тұқымды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған.

Айта кетелік, биелерді қолдан ұрықтандыру зертханалық пункті салынып, арнайы жылқы өсіруші мамандарды дайындау жоспарланып отыр.