weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
19 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сербия президенті Алматы апорты салынған сандықты сыйға алды

Александр Вучич Facebook-тегі парақшасында Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын жариялады

Сербия президенті Алматы апорты салынған сандықты сыйға алды
Фото: Qazaqstan.tv

Александр Вучич Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Қазақстан Президентін қабылдау құрметіне ие болдым. Сербия – достарына есігі әрдайым ашық ел, бүгінгі кеш соның айқын дәлелі. Біздің қонақжайлық дәстүрімізді үстел басында анық байқауға болады. Онда біз тамақты ғана емес, бізді біріктіретін құндылықтарды бөлісеміз. Бүгін сыйлыққа қазақтың әйгілі алмасын алдым,-деп жазды Сербия президенті.


Сондай-ақ Александр Вучич Президент Қ.Тоқаевтың сапары Сербия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі бекіте түсетініне сенім білдірді.