Елімізде такси қызметін қолданушылардың саны 25%-ға артқан
Бір такси жүргізушісі күніне 16 сағатқа дейін жұмыс істейді
Биыл такси қызметін қолданушылардың саны былтырға қарағанда 25%-ға артқан. Такси жүргізушілеріне қойылатын талап мәселелері "Ашық алаң" бағдарламасында талқыланды,-деп хабарлайды newsroom.kz
Бұрын такси жүргізушілері күніне 30 000тг табатын болса, қазір 50 000 тг дейін жететін болды. Бір такси жүргізушісі күніне 16 сағатқа дейін жұмыс істейді. Жалпы сұранысты жабу үшін 50 мыңнан 80 мыңға дейін такси жүргізушілері жеткілікті,- деді "Астана қаласының көлік қызметкерлері қауымдастығы" төрағасы.
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Селим Қуанышұлы айтуынша, Мәжілісте такси саласына өзін-өзі реттеу тетігін енгізуге қатысты заң жобасы қарастырылуда.
Мемлекеттік орган ретінде, негізгі біздің мақсат такси саласындағы тасымалдың, бірінші кезекте қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екінші тұрғындарға сапалы қызмет көрсету. Үшінші такси қызметкерлерінің өзінің құқығын сақтайтын тетік құрастыру. Қазіргі Мәжілісте қарастырылып жатқан заң жобасы тек такси саласынс емес, халықаралық автобус және такси саласына өзін-өзі реттеу тетігін енгізу,- деді Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Селим Қуанышұлы.