Астанада жан түршігерлік өрттен 4 бала қайтыс болды
Астанада жекеменшік екі қабатты жер үйде өмір сүрген екі отбасының үйі жанып кетті. Бұл туралы newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
"Құтқарушылар өрт туралы хабар алғаннан кейін 6 минутта жетіп келді. Өрт алдын ала 500 шаршы метр аумақта оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қайтыс болды",-делінген хабарламада.
Астана қаласы әкімдігі зардап шеккен отбасыларға толық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
"Төрт баласынан айрылған отбасыға қазір психологиялыө көмек көрсетілуде. Сонымен қатар, оларға қаржылай көмек пен үй мәселесі бойынша көмек көрсетіледі. Отбасыларға қайғыра көңіл айтамыз",-делінген акимат хабарламасында.