Жаңалықтар

Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды

Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді

Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

«2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарының күдікті П.Қайрат-қа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші келіп түсті.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті П.Қайратқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды», - делінген сот хабарламасында.