Жаңалықтар

Ақтауда жоғалып кеткен қызды іздестіру жұмыстары бесінші күнге жалғасты

Lider.kz еріктілері қала тұрғындарынан іздеу жұмыстарына көмек көрсетуін сұрайды. Қалалық полиция бөлімінде қыздың жоғалу фактісі бойынша барлық жеке құрамға бағыттама берілгенін хабарлады.

2005 жылы туған Аида Жиенбай түнгі сағат бір шамасында 31Б ықшам ауданындағы 14-ші үйден шыққан. Орта бойлы, орташа денелі, II топтағы мүгедек. Үстінде торлы өрнегі бар қызғылт сары күреше, басында қызғылт түсті бас киім болған. Еріктілер оның дезориентация жағдайында болуы мүмкін екенін айтты. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қалалық полицияда барлық жеке құрам бағытталғаны туралы мәлімдеді.

Қызды іздеуге көмектескісі келетін немесе оның жүрген жері жайлы ақпараты бар адамдарға мына телефондар арқылы хабарласу сұралады: +7 700 499 72 92 немесе «102».