Жаңалықтар

“Мұнайшының баласы мұнайшы болу керек деген ұғым жоқ”

Жансейіт Қайнарбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшысының талаптарына жауап берді

Желіде Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшысының талаптарына жауап берген бейнежазба тарады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мұнайшы сұрағында оның қызы оқып, 2012 жылы бітіріп, маман болып шыққан. Алайда, 2012 жылдан бері әлі жұмыс таба алмағанын айтты.

- Бүгін осы БЖБ мекемесінің жұмысшылары біздің балаларымызды кезектен тыс, зейнеткерлердің балаларын жұмысқы алсын деген уәж білдірді. Сондықтан ел қатарлы кезекке тұрсын. “Мұнайшының баласы мұнайшы болу керек деген ұғым жоқ- деді әкім.