39 жастағы келіншек оныншы баласын дүниеге әкелді
Көпбалалы ата-ананың үлкен балалары қазір студент атанып үлгерген.
39 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны Гүлбану Пірімқұлова он бала тәрбиелеп отырған ана атанды, деп хабаралйды Newsroom.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
6 қараша күні толғағы ұстап қалалық перзентханаға жеткізілген келіншек оныншы сәбиін босанған. Перзентхананың медицина қызметкерлері барлық қажетті көмек көрсетіп, ана мен баланың жағдайы жақсы деп хабарлады.
Гүлбану 19 жасында тұрмысқа шығып, 20 жылда 10 бала дүниеге әкелген. Қазір көпбалалы отбасы Жанел, Әнел, Мэлс, Айсана, Нурислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере мен Аяулым есімді балаларын тәрбиелеуде.
Гүлбанудың күйеуі Болат 43 жаста. Көпбалалы отбасының үлкен балалары қазіргі таңда студент болып білім алып жатыр.