Жаңалықтар

Бюджеттік қаржыландыруды қалаларда тоқтатуымыз керек — Анас Баққожаев

Біз ауылдық елді мекендерді табыс табудың негізгі көзіне айналдыруымыз керек

Әлемде қазір урбанизация үлесі орташа есеппен 56%-ға жеткен. Бұл көрсеткіш 2030 жылдары 70%-ға дейін барады деп болжануда. Қазақстандағы урбанизация және миграция мәселелері  "Ашық алаң" бағдарламасында талқыланды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Біріншіден біз Қазақстандағы урбанизацияның табиғатын түсініп алуымыз керек. Неге ауылдағы адамдар қалаға көшіп жатыр? 
Біріншіден, қалада табыстың деңгейі жоғары. Ауылдағы мен қаладағы бизнесті салыстырсақ, екеуі жер мен көктей. Бюджеттік қаржыландыруды қалаларда тоқтатуымыз керек. Кәсіпкерлер нарық дамыған шақта онсызда өсе алады. Біз ауылдық елді мекендерді табыс табудың негізгі көзіне айналдыруымыз керек. Екіншіден, жер реформасына назар аударуымыз керек. 
Біз Қазақстанды үш бөлікке бөлуіміз керек. Оңтүстік жақтағы ауылды елді мекендердің жағдайы жаман емес. Себебі климаты жылы. Солтүстікте қыс қатты. Батыста қуаңшылық. Сондықтан біз оңтүстік елді мекендер емес,  көбінесе солтүстік пен батыс жақтағы елді мекендерге алаңдауымыз керек,- деді Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев.