Қазақстанда келесі жылы зейнетақы өседі
Ең жоғарғы зейнетақы көлемі – 213 046 теңге болады
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы мөлшері өседі,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Азаматтардың жасына және еңбек өтіліне қарай 8,5%-ға артады. Ал базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің төменгі шегіне қарай өзгереді. Мәселен, ең төменгі зейнетақы – 95 131 теңге, ал ең жоғарғы зейнетақы көлемі – 213 046 теңге болады.
Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасына төлейтін қаражаты 2,5 процентке ұлғаяды. Тиісінше, салық мөлшері де өседі.
Айта кетелік, зейнет жасындағы қызметкерлер 1 және 2 топтағы мүгедектіктері бар азаматтар, әскери қызметкерлер және 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған азаматтар салықтан босатылады.