Жаңалықтар

Президент Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленковичпен кездесті

Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан хорватиялық компанияларға қолдау білдірді

Мемлекет басшысы Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленковичпен кездесті. Президент Хорватияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде энергетика секторындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан хорватиялық компанияларға қолдау білдірді. Бұдан бөлек, виза режимін оңтайландыру мәселесі қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия Премьер-министрін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырды. Ал Андрей Пленкович Қазақстан Президентіне Хорватияға сапармен келуге ұсыныс білдірді.