Қылмыс

Некесін қиған күні өлтіріп кетті: Көкшетауда жас жігіт қайтыс болды

Мәселенің мән-жайы анықталуда

Көкшетауда түнде көңіл көтеру орындарының бірінен 22 жастағы жігіттің денесі табылды. Қайғылы оқиға жайлы ақпаратты марқұмның туыстары sinegor.kz басылымына хабарлаған,- деп жеткізеді  Newsroom.kz тілшісі.

Туыстарының айтуынша, оқиға жігіттің неке қию рәсімі өткен күні орын алған. Бұл жағдайға байланысты Ақмола облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

12 қарашада Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кеткен. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталды. Алты адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді полиция департаментінің өкілдері.