Мелания мен Дональд Трамп: 24 жылдық жас айырмашылығы бар жұптың тарихы
Мелания мен Дональдтың өмір жолдары тоғысып, олар Америка Құрама Штаттарының көпшілікке танымал жұптарының біріне айналды,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
Мелания Трамптың өмірбаяны
Мелания Кнавс (кейінгі фамилиясы Трамп) 1970 жылы 26 сәуірде Словенияның Севница қаласында дүниеге келген. Ол қарапайым отбасыдан шыққан еді. Жастайынан сән әлеміне қызыққан Мелания модель болуды армандады. Орта мектепті бітіргеннен кейін, ол Еуропаның түрлі қалаларында модельдік мансабын бастауға кірісті. 1996 жылы Мелания Нью-Йоркке көшіп келді. АҚШ-та оның модельдік мансабы өркендей бастады.
Дональд Трамптың өмір жолы
Дональд Трамп 1946 жылы 14 маусымда Нью-Йорк қаласында дүниеге келді. Ол бизнесмен ретінде танымал болған тұлға. Кейінірек Дональд АҚШ-тың президенті болып сайланып, әлемдік саясат сахнасына шықты. Жеке өмірінде ол бірнеше некеде болғанымен, Меланиямен одақ құруы ерекше болды. Олар 1998 жылы Нью-Йоркте өткен бір кеште танысып, сол кезден бастап қарым-қатынастары өрби түсті.
Мелания мен Дональдтың танысуы
Мелания мен Дональдт алғаш 1998 жылы танысты. Дональд Трамп Меланияға бірден назар аударғанымен, қызға Дональд қызық болған жоқ. Кейіннен, Мелания Дональдтың беделі мен байлығына емес, жеке қасиеттеріне назар аударғаны белгілі болды. Екеуінің қарым-қатынасы уақыт өте нығайып, 2004 жылы Дональд Меланияға ұсыныс жасады. Үйлену тойлары 2005 жылдың қаңтар айында Флоридадағы әйгілі Мар-а-Лаго резиденциясында өтті. Тойға көптеген танымал тұлғалар, соның ішінде Билл және Хиллари Клинтон сияқты саясаткерлер де қатысты.
Меланияның Бірінші ханым ретіндегі рөлі
Дональд Трамп 2016 жылы АҚШ президенті болып сайланған соң, Мелания Бірінші ханым ретінде өз рөлін атқара бастады. Осы қызметте ол өзгелерден ұстамды мінезімен ерекшеленді. Меланияның ең танымал бастамаларының бірі – "Be Best" бағдарламасы еді. Оның негізгі бағыты балалардың киберқауіпсіздігі мен психикалық денсаулығын қорғауға арналған болатын.