Жаңалықтар

Жыл басынан Алматыда заңсыз ойын бизнесінің 48 орны анықталды

Жыл басынан Алматыда заңсыз ойын бизнесінің 48 орны анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қалалық прокуратурасымен бірлесе Алматы қаласындағы заңсыз ойын залдарын анықтау бойынша жұмыстарын жалғастыруда.  width= Жыл басынан бері департамент қызметкерлерімен 48 заңсыз ойын залдары анықталды (оның 8 ойын залдары, 1 астыртын ойынхана), көлеңкелі айналымнан 100 ойын терминалдары және 216 компьютерлері тәркіленді, жалпы 28 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі. ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан аумағында электронды және интернет ойынхананың жұмысына тыйым салынған. Алайда 25 мамырда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында заңға қайшы қызмет етіп келген электронды ойынхананың жұмысы анықталды. Іс-шара барысында электронды ойынхананың ішінен 50 дана компьютер және көлеңкелі айналымнан 210 мың теңгеден асатын ақша тәркіленді. Аталған айғақ бойынша ҚР ҚК 307 бабы 3 бөлігі 2 тармағына сәйкес (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы категория бойынша: « Елордада фитнес-орталықтар қашан ашылады? Коронавируспен күресіп жатқан әскерилер карантин шараларын сақтауды естен шығармайды »