Каспий жағалауынан табылған итбалық өлекселерінің саны қанша?
Итбалықтардың жаппай қырылу дерегі 24 қазанда Түпқараған ауданы жағажайында тіркелді
Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесі 734-ке жетті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтер бойынша, Қазақстанның Қызыл кітабына енген итбалықтардың жаппай қырылу дерегі 24 қазанда Түпқараған ауданы жағажайында тіркелді. Гидробиология және экология институтының мамандары сол жерге барып, теңіз суы мен итбалық өлекселерінен сынама алды. Оның қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.
Теңіз жағасынан табылған итбалық өлекселерінің дені бүлінген. Яғни, сынама алуға жарамайды. Аумақта зерттеу жүргізген ғалымдар тобы бізден енді табылған итбалық болса, бірден хабарлауды сұрады. Бақылау шаралары әлі де жалғасып жатыр, - деді Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий.