Әлем

Қытайдың Чжухай қаласында көлік жиналған жұртты қағып кеткен

Соққыға жығылған кем дегенде 20 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді

11 қараша күні Қытайдың Чжухай қаласындағы стадионның сыртында көлік жиналған жұртты қағып кеткен. Салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы BBC арнасы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметтер бойынша, 62 жастағы ер адам жүргізуші қамауға алынды.

Жергілікті хабарларға қарағанда, Чжухай спорт орталығында жаттығу кезінде көліктің соққысына жығылған кем дегенде 20 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Агенттіктің хабарлауынша, зардап шеккендердің арасында көптеген қарт адамдар, сондай-ақ жасөспірімдер мен балалар бар.