Балық аулады: Астанада екі бала батып кете жаздады (видео)
Оларды сол маңнан өтіп бара жатқан екі ер адам құтқарып қалды.
Астанада екі бала балық аулап жүріп, абайсызда суға құлап кеткен. Оқиға 3 қарашада Ақбұлақ өзенінің маңында болды, деп хабарлайды Newsroom.com.
10 және 11 жастағы екі бала жағадан балық аулап тұрған. Алайда абайсызда суға құлап кеткен, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі Telegram-арнасында. Сол сәтте жақын жерде екі ер адам болған. Олар дереу көмекке ұмтылып, балаларды қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем шақырған. Балалар дәрігерлерге тапсырылды.