Қазақстанда қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылған
Заңсыз айналымнан 4 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 87 кг синтетика тәркіленген
Бүгінгі таңда ішкі істер жүйесінде жүздеген ит қызмет етеді. Олардың едәуір бөлігі есірткі заттарын анықтауға үйретілген,- деп хабарлайды newsroom.kz
Полиция мәліметінше, 10 айда қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылды. 1200-ге жуық тексеру іс-шаралары өткізілді. Заңсыз айналымнан 4 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 87 кг синтетика тәркіленген.