Жаңа заманның жаңалықтар порталы | Newsroom.kz RU search
11 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Идеология тегін тұрмайды – Бурахан Дақанов

Идеология жолында кеткен ақша саналмауы тиіс

Идеология тегін тұрмайды – Бурахан Дақанов
Фото: ашық дереккөзден

Қоғам белсендісі Бурахан Дақанов өз Facebook парақшасында идеология жайлы жазба қалдырды,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Осыдан 10 күндей бұрын ақша таппай қатты қиналдым.  Қатты қиналғаным сонша отыра қалып ұлығым келді.  Естеріңізде болса,  осыдан 20 күндей бұрын Алатау Серілері деген патриоттық керемет топты Қызылжарға шақырған едім ғой.  Негізі,  оларды бір ағамызға сеніп шақырған едім,  солармен сөйлесіп тұрған сәтте манағы ағама звондап жағдайды айтсам,  шақыра бер бауырым,  көтереміз деді.  Алып ұшып,  Алатау серілерімен сол жерде келісімге кеп күнін белгіледік.

Сонымен не керек,  уақыт өтіп жатыр.  Түркістанда көш мәселесімен агитация жасап,  арқамды кеңге сап жүрген сәт еді. Кенет телефоныма қоңырау түсті,  ала қалсам кәсіпкер ағам,  аяқ астынан бір мәселелері шығып қалғанын, топқа демеушілік ете алмайтынын айтты. Ести сала желім шығып, салым суға кетті бірден. Анау мынау, саған сеніп қалдым ғой деп жатыр ем, патриот болса неге кеп тегін өнер көрсетпейді дегендей айтып қалды.  Түсіндім деп телефонды қоя салдым.  Енді не істеймін, не істеймін деп есім шығып кетті. Ол топтың келетінін біраз адамға айтып қойғанмын,  жігіттерде өз жоспарларын бұрып тұрып Қызылжарға келейін деп жатыр. Жалма жан телефонды ақтарып,  шамасы келеді-ау деген бірнеше бизнесменге хабарластым,  ватсаптарына жаздым.  Болмады.  Тіпті кейбіреуі жауап беруге де лайық көрмеді.  Ой әкің дедім,  бай боп неге тумадым нақ деп, тамағыма өксік тығылды"- деп жазды қоғам белсендісі.

Сондай-ақ, ол идеологияның ұлт үшін маңыздылығын айтты.

"Идеология өте мөте маңызды. Тіпті ең маңызды ең құнды дүние білген адамға. Ұлттарды көтеретінде,түсіретінде, құртып жіберетін дүниеде осы- идеология. Идеология жолында кеткен ақша саналмауы тиіс! Есептелмеуі тиіс. Себебі дұрыс құрастырылып, жөнді сіңдірілген идеология — атом қаруынан да мықты!!! Қысқасы, ақша таппадым. Осы фбдағы біршама жанашыр ағаларым шамалары келгенше берді. Бірақ ол шелекке тамған тамшылар ед.  Дегенмен,  Наурызды өткіздік, өз өлшеміммен зор шығынға баттым,  тіпті мына ел сыйлаған көлікті "тас кредитке" ломбардқа тықтым, және әлі төлеп жатырмын ақшасын.  Бірақ мен өкінбеймін, қайта мақтанамын, қуанамын. Тағы бір осындай сәт болса дәл өстіп істер ем. Өйткені сол күні,  сол Наурызда күллі ел риза болды бізге,- деп жазды ол.

Қоғам белсендісі 17 қараша күні,  Қызылжар қаласында, СКУ дің акт залында Алатау серілерінің керемет коцерті өтетінін мәлімдеді.
  
"Алатау Серілеріне оралайық, Арыс қаласы,  агитация жасап болғасын бір жерге барып шәй ішіп отырған едім. Сол кезде келді манағы хабар.  Дастарханнан тұрып,  есеңгірегеннен көзім қарауытып кеткен тұғын.  Енді не істеймін деген ой?  Демеушіні қайттым...  Сөйтіп бір сағаттай жан жаққа хабарласып,  тауымды әбден шаққасын, бір жігіт есіме түсе қалды.  Ол,  мына Чоко Фамелидің пиар менеджері Әнуар Бірімжанов еді. Жалма жан жазып,  жағдайды айтып ем,  бірден түсініп,  "Ертең бастыққа айтамын, дегенмен алаңдама, болады"- деп сенімді түрде айтты.  Уф дедім мен. 
Ертеңінде Әнуар хабарласып,  жақсы хабар айтты.  Бастығы Рамиль Мухоряпов , мына сақалдың колоритный жігіт екен, мұндай идеясын неге қолдамасқа деп рұқсатын берген екен.

Нәтижесінде,  17 қараша күні,  Қызылжар қаласында, СКУ дің акт залында Алатау серілерінің керемет коцерті өтеді.  Кіру тегін,  бұл концерт,  "TaUEKEL"  ұйымының Қызылжар халқына берген сыйы,  тартуы болсын,-деп жазды Бурахан Дақанов.