Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

АҚШ Қытайға тасымалданатын микрочиптерді жеткізуге тыйым салды

Енді Тайвань микрочип енгізілген жасанды интеллект негізінде істейтін құрылғыларды Қытайға тасымалдай алмайды.

АҚШ Қытайға тасымалданатын микрочиптерді жеткізуге тыйым салды
Фото: IMAGO/CFOTO/ТАСС

Тайваньдық Taiwan Semiconductor Manufacturing компаниясына келесі аптадан бастап жасанды интеллектке қатысты технологияларда қолданылатын чиптерді Қытайға жеткізуге тыйым салу туралы АҚШ-тан нұсқау түсті, деп Newsroom.kz US News & World Report-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым деректеріне сүйенсек, АҚШ-тың Сауда министрлігі TSMC компаниясына Қытайға экспортталатын күрделі чиптерге, оның ішінде жасанды интеллект алгоритмдерін жеделдететін және графикалық процессорлар сияқты чиптерге шектеу қоюды міндеттейтін хат жіберген.

TSMC бұған дейін өз чиптерінің бірі АҚШ санкциясына ұшыраған Қытайдың Huawei компаниясының жасанды интеллект процессорында қолданылғанын хабарлағандықтан, экспортқа тыйым салынғаны айтылған. Осы хатты алған соң, TSMC Қытайдағы клиенттеріне дүйсенбіден бастап чиптер жеткізуді тоқтататыны туралы хабарлама жіберді.