Жаңалықтар

Ақмоладағы боранда полицейлер 600-ге жуық көлікті ертіп жүрген

Іс-шараларға 49 полиция қызметкері мен 24 патрульдік автокөлік жұмылдырылды

9-10 қарашада автомобильдердің көп жиналуына байланысты, облыстық ПД патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында үш бағанды ертіп жүруді ұйымдастырды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары Астана-Петропавл және Астана-Ерейментау-Шідерті автожолы бойынша жүретін 500-ге жуық жеңіл және 150-ге жуық жүк көлігін ертіп жүрді. Іс-шараларға 49 полиция қызметкері мен 24 патрульдік автокөлік жұмылдырылды.

Ақпаратқа сүйенсек, бүгін кешке ауа-райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс тағы да шектеледі.